“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР МЕН ІС-ШАРАЛАРЫН жүзеге асыру мақсатында ”Табиғатқа қамқорлық жасаймыз“ атты ата-аналар мен балалар қолөнер көрмесі өтетінін хабарлаймыз!
Мақсаты:
Ата - аналарды балабақшадағы тәрбие үрдісіне жақын тартып,
балаларға экологиялық тәрбие беру, табиғат қалдықтарына екінші өмір сыйлау.
Шарттары:
1. Көрмеге қатысатын жұмыстар табиғи қалдықтардан (ағаш бөліктері, жапырақтар, тастар, т.б.) жасалуы тиіс.
2. Әр жұмыс таза, қауіпсіз және эстетикалық талғамға сай болу керек.
3. Жұмыс атауы және оны дайындаған баланың аты-жөні, тобы көрсетілуі қажет.
4. Жұмысты ата-аналармен бірлесе орындау.
5. Көрмеге 1 бала – 1 жұмыс тапсырады.
6. Шығармашылық, жаңашылдық пен экологиялық маңызы жоғары жұмыстар мадақталады.
Табиғатқа қамқорлық жасаймыз” көрмесіне қойылатын шарттарға қосымша:
Ата-анамен бірлесе жасау – әрбір жұмыс баланың отбасымен бірігіп жасалуын қолдаймыз. Бұл балалар мен ата-аналар арасындағы байланыс пен өзара түсіністікті арттырады.
Ата-аналарды балабақша өміріне араластыру – көрме арқылы ата-аналар баланың шығармашылығы мен балабақшадағы тәрбие үрдісімен жақын танысып, белсенді қатысуына мүмкіндік алады.
Қорытындылау уақыты: 17.10.2025ж.
